Досжан Балабекұлы 1993 жылы 24 сәуірде Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ерназар ауылында ұстаздар отбасында дүниеге келген. 2011 жылы Байгелді Кейкиев атындағы орта мектепті бітірді. Сол жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Баспа ісі және дизайн» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Болашақ баспагер-редактор» байқауында Ректор грантын жеңіп алып, 2014 жылы мемлекеттік грантқа ауысады. 2015 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің «Баспа ісі» мамандығын өнер бакалавры академиялық дәрежесімен аяқтайды. Еңбек жолын 2013 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қазақ университеті» газетінде беттеуші-дизайнер, журналист қызметтерінен бастады. 2015 - 2018 жылдар аралығында «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінде веб-сайт тілшісі болып жұмыс істеді. 2015-2017 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінің «6M050400- Журналистика» мамандығы бойынша магистратураcын оқып, әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесі берілді. 2016 жылы Польшаның Познань қаласындағы Адам Мицкевич университетінің Журналистика факультетінде, 2018 жылы Түркиядағы Ыстамбұл университетінің әл-Фараби Еуразиялық ғылыми-зерттеу орталығы мен Әдебиет факультеті Философия кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтеді. 2017-2020 жылдар аралығында ҚазҰУ-дың Филосифия және саясаттану факультеті Философия кафедрасының «6D020100- Философия» мамандығы бойынша докторантурасында білім алып, 2020 жылдың желтоқсан айында «Қазіргі заманғы Қазақстанның ақпараттық кеңістігі: әлеуметтік-философиялық талдау» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап шығып, Философия докторы (PhD) дәрежесін алды. 20-дан аса отандық және шетелдік басылымдардағы ғылыми мақаланың авторы. 2018-2021 жылдар аралығында университеттік «Қазақ университеті» газеті Бас редакторының міндетін атқарушы, Бас редакторы қызметін атқарды. «Қазақ газеттері» ЖШС-де веб-сайт редакторы жұмысын қосымша атқарды. 2020 жылдың қыркүйек айынан қазірге дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Филосифия және саясаттану факультеті Философия кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы қызметінде. Педагогикалық қызметте философия және ғылым тарихы мен философиясы курстарында дәріс, семинар жүргізеді. Досжанның қазақ фотоөнерінде де өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан. Елімізге белгілі «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің 2014 жылдан бастап белсенді мүшесі және осы бірлестіктің photooner.kz веб-сайтының Бас редакторы.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Бакалавриат
2015

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
23.12.2020
Қызығушылығы